00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

1 млн-нан астам азаматтың мүлік және көлік салығы бойынша қарызы бар

10.05.2023 | 21:00
54
Фото: inbusiness.kz

1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңгеге қарызы бар, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 26-мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. 

Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.

Барлық жаңалықтар