00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жыл басынан бері 2,7 млн жолаушы әуе көлігімен тасымалданды

04.05.2023 | 19:00
48
фото: pixabay.com

Биыл қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Осы ретте 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуір айында әуе сапарларының бағасы 17,7%-ға қымбаттаған.

Барлық жаңалықтар