Еліміздегі 180 мыңнан астам мектеп түлегі эко-челленджге қатысты
![](/img/watch-gray.png)
![Еліміздегі 180 мыңнан астам мектеп түлегі эко-челленджге қатысты](/img/articles/9fdf252312291b888a441391af8e2025.jpg)
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордалық №82 «Дарын» мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге ағаш отырғызуға қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Ынтымақ айы» айлығы жарияланды. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа да бірқатар республикалық акциялар ұйымдастырылады.
Бұл бастама өскелең ұрпақты қайырымды істерге баулуға, олардың бойында қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталған. Министр оқушыларға елімізді көгалдандыру мен абаттандырудың қаншалықты маңызды екенін айтты.
Экологиялық мәдениет өз үйіңнің, ауланың, көшенің, мектеп пен туған қалаңның тазалығын сақтаудан басталады. Біз туған жерімізге қамқорлық танытуымыз керек. Бүгін сіздер отырғызған жас көшет, ертеңгі күні осы мектептің оқушыларымен бірге жайқалып өсетін болады. Алайда, ол үшін көшеттерге қамқорлықпен күтім жасау керек. Осылайша біз кейінгі ұрпаққа өзіміз туралы естелік қалдырамыз, - деді Ғани Бейсембаев.
Ағаш отырғызу эко-челленджі дәстүрлі шараға айналды. Биыл екінші жыл барлық білім беру ұйымдарында үзбей өткізіліп келеді. Оған ата-аналар, педагогикалық қауымдастық, депутаттар, «Тұрақты даму» Жер қорының қоғам қайраткерлері де атсалысуда.
Осы жылы бұл шараға 9-11 сыныптардан 180 мыңнан астам оқушы қатысты. Барлығы 50 мыңнан астам жас көшет пен гүл отырғызылды.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)