00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде қыздар жігітті қарату үшін қара магияға баруды жиілеткен (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:45
Елорда ақпарат
218

Елімізде қыздар өздері ұнатқан жігітке дуа жасап жүрген көрінеді. Сезімді сиқырмен оятып, ерлерді сергелдеңге салғандар бақытты болатынына сенімді екен. Қара магиямен көздегеніне қол жеткізуді ойлаған қыздар таңдаған азаматының киіміне ине қадап, суретіне балауыз тамызып жүр, деп хабарлады Elorda.info «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Сыртымнан бір қыз 43 рет дуа салдырған дейді бұл жігіт. Тіпті жейдесінің жағасынан ине тауып алған. 

Барғың келмейді, бірақ қалай да барасың. Ұрысып қалсаң да, дым білмегендей ақымақ секілді барасың. Сөйлесіп жүрмесек те, кездесуге себеп болмаса да барғың келіп тұрады. Бір кезде бір жерге кетіп қалды. Телефоны қолымда. Маған қызық болып, әлеуметтік желідегі архив деген жерді ақтара бастадым. Хабарламадан белгісіз біреуге менің суреттерімді жібергенін көрдім. Ол кастюмнің жағасына ине сал деген, одан бөлек құлып салып жіберген. Бір сөзбен айтқанда мені мазақ қылған. Санағанымда 43 рет істегенін білдім, – дейді жігіт. 

Осы жағдайдан соң қыздармен танысарда сақтық танытатын болдым дейді ол. Ал әлгі қыз артынан әлі аңдитын көрінеді. 

Мынау не десем «жай» дейді. Ашуланғанымнан телефонын лақтырып жібердім. Артынан кетіп қалып, мешітке барып, дұға оқыттым. Жолдастарыммен жұма намазына баратын болдым. Ақыры солай құтылдым, – дейді ол. 

Осы әңгімеден соң арна тілшілері жол ашамыз, түйін шешеміз деп интернетке жарнама берген балгерлерге хабарласып көрген.

Тілшілердің аздап өтірік айтуына тура келіп, балгерге қызды өзіне қаратқысы келетінін жеткізді. 

Осыдан кейін балгер қыз мен жігіттің фотосы мен атын сұрап, жай жапсарыңды жасаймыз дегенге келтірді. 

Ал 10 жылдан бері психология саласында жүрген Сәния Бектұрған қара магияға әлсіз адамдардың жүгінетінін айтады. Күйзеліске түскендер, осылайша, ауырлықтан құтылғысы келетін көрінеді. 

Билік пен күшті дамытуға бағытталған. Егер де дін жағынан қарайтын болсақ бұрыс нәрсе, бұнымен психология жағы да келіседі. Сондықтан қара магияға жүгінгенше білікті мамандарға жүгінген дұрыс, – дейді психолог. 

Соңғы уақытта қыздардың көбі жігітті өзіне қарату үшін қара магияға жүгінуді жиілеткен. Бірақ сүйгеніне жету үшін бақсы-балгерлерге жүгінетіндерді шариғатта құп санамайды. Ел арасындағы алып-қашпа әңгімелерден көріпкел жағалап жүріп, өзгенің айрандай ұйыған отбасын ойрандатқан жағдайларды да естіп жүрміз. Алайда әлеуметтік желіде қара магиямен қалағаныңда алып беремін деген жарнамалар тарап жүр. Бірақ заң жүзінде тұсау жоқ. 

Барлық жаңалықтар