00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер: Бағдарлама жұмыс істеп тұрған жоқ – депутат

05.04.2023 | 12:31
33
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік бағдарламаларды жаңартып, қайта қарау қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Депутат жастарға берілетін жалдамалы пәтер мәселесін көтерді.

Жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кемі 1000 пәтерден 3000 пәтер берілу керек еді. Алайда, үйдің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін өткен жылы (2022) толық алмады. Яғни, бағдарлама істеп тұрған жоқ. Жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өскендіктен, алдағы уақытта берілетін пәтерлер саны да өсуді талап етеді. Әрі бұл бағдарлама тек 3 қаламен ғана шектелмей, еліміздің барлық аймағында іске қосылуы керек. Осы мәселеге байланысты Үкімет тарапынан нақты қандай іс-шаралар атқарылмақ?  - деп сұрады депутат.

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев мемлекеттік бағдарламаларды жаңартуды ұсынды.

Баспана мәселесі бірден шешілмейтіні анық. Дегенмен оған деген мұқтаждықты жою мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жаңартып, қайта қару қажет. Талап бар жерде межелі міндеттер де орындалады деген сенімдемін. Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуыңызды сұраймын, - деді ол.

Сәбина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар