00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жаңаөзенде ит атып жүргендер көптің ашуына тиді

02.04.2023 | 12:05
50
Фото: дереккөз

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде ит атып жүргендердің видеосы тарап жатыр. Кадрдан ер адамның атылған 18 иттің өлексесін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады, деп хабарлады Elorda.info Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Біз мұнда иттердің барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, қоқысқа апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?! - деп еңіреп жылап жүр жануарларды қорғаушы әйел.

Оны көрген кейбір желі қолданушылар да наразылық танытып, шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрап отыр.

Еске сала кетсек, елімізде бұралқы иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.

Барлық жаңалықтар