00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

ҚТЖ ауа райының қолайсыздығына қарамастан штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

17.04.2023 | 16:00
43
Фото: дереккөз

ҚТЖ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері қардың, боранның және қатты желдің орын алуы жағдайларында жүк пен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қар құрсауында қалған адамдарды шығаруды ұйымдастырды. 

Ерейментау станциясынан әйелдер мен егде жастағы 40-тан астам жолаушы Астанаға пойызбен жеткізілді. Сондай-ақ, елордадан Семей, Шымкент, Түркістан және Петропавл бағытында жүретін пойыздарға қосымша вагондарды тіркеу бойынша жедел шаралар қабылданды.

Пойыздардың өтуін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы теміржолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қармен күреске бағытталған инфрақұрылымның барлық ресурстары жұмылдырылды. Магистральдық желінің Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе бөлімшелері аумақтарында теміржол төсемін қардан тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәулікте арнайы қар тазалау техникасының көмегімен 430 шақырымнан астам теміржол төсемі тазартылды, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар