00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді

23.04.2024 | 11:15
66
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 АЕК өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады, - деді Олжас Бектенов.

Барлық жаңалықтар