00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Су саласының мамандары біліктілік арттыру курстарынан өтеді

21.02.2024 | 06:08
53
Фото: ашық дереккөз

Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді.

Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды.

Кеңестің ережелері және кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді, оның негізінде су саласының мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламалары жаңартылады.

Өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы жылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. Мұндай іс-шаралар су саласындағы мамандықтардың беделін арттырып, студенттерді магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға, ал саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білімін шыңдауға ынталандыруы тиіс, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Барлық жаңалықтар