00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Серік Жұманғарин зардап шеккендерге үй салып беруді тездетуді тапсырды

10.04.2024 | 10:45
Елорда ақпарат
62
Серік Жұманғарин зардап шеккендерге үй салуды тезірек бастауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында 1 530-дан астам үй бар. Онда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған. Ауылдағы 279 үй мен 10 әкімшілік мекеме су астында қалды, олардың арасында мектеп, спорт кешені, дүкендер бар, деп хабарлады Elorda.info.

9 сәуірдегі жағдай бойынша 25 үй толығымен қираған, 12 үй – апатты жағдайда. Тұрғындар 2024 жылғы 27 наурыздан бастап эвакуациялық пунктілерге орналастырылған. 

Бұл ауылда су тасқыны жиі болады. Өткен жылы зардап шеккен тұрғындарға бұрынғы саманның орнына кірпіштен жасалған үйлер салынып берілген. Вице-премьер осындай үйлердің біріне кірді.

Менің бұрынғы 76 шаршы метр үйім саманнан соғылған еді, әрине, проблема көп болды. Қазіргі үйіміз кең, 10 сотық жеріміз бар, бау-бақша өсіруді жоспарлап отырмыз. Мен мұғаліммін, мектепте биолог-географ мамандығы бойынша жұмыс істедім, қазір зейнеттемін. Бүгінде ардагер педагогтер комитетін басқарамын, қоғамдық жұмыстармен айналысамын, — дейді үй иесі Назифа Алдрабекова. 

Серік Жұманғарин су басқан спорт кешенін аралап көрді. Қалпына келтіру жұмыстары әлі басталмаған. Ол сондай-ақ спорт мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктке барды. Мұнда 13 адам орналастырылған, тағы 30 адам – басқа жақта. Кейбір тұрғындар – туыстарының үйінде немесе өз үйлеріне оралған, басқа барар жері жоқ тұрғындар осы пункттерге жайғасқан. Олардың арасында 75 жастағы Николай Лашко бар. Оның үйін қалпына келтіру мүмкін емес. Николай Александровичтің жасалған жағдайға шағым айтқысы жоқ, бірақ үйіне оралғысы келетіні сөзсіз. 

Вице-премьер Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевке зардап шеккендерге арнап жаңадан үй салуды тезірек бастауды тапсырды. Ол үшін инфрақұрылым жүргізіліп орын қарастырылған. 

Барлық жаңалықтар