00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады

11.08.2023 | 08:00
39
Фото: akorda.kz

ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтті. 

Президенттік жастар кадр резерві  – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін пәрменді әлеуметтік лифт болып табылатын алғашқы жария бастамаларының бірі.

Ұлттық комиссияның отырысында 1 қыркүйекте басталып, жыл соңына дейін жалғасатын Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Іріктеу шеңберінде кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілетін, сондай-ақ құзыреттері бағаланады және олар бірқатар әңгімелесуден өтеді, - делінген дереккөз таратқан ақпаратта.

Іріктеуден сәтті өткен адамдар мемлекеттік қызметтің және квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау құқығымен үш жыл мерзімге резервке алынады.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев алдағы іріктеуді өткізуге дайындық туралы баяндады.

Іріктеуді өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланады.

Барлық жаңалықтар