00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Музей, экскурсия, кино»: Елімізде балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?

25.05.2023 | 10:31
44
Фото: ҚР Ұлттық музейінен

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында балалардың жазғы демалыста бос уақытын пайдалы өткізу үшін ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Жазғы демалыста мұражайлар мен киелі орындарға тегін экскурсиялар ұйымдастыру, кітапханаларға бару, спектакльдер мен қойылымдар көрсету сияқты түрлі мәдени-бұқаралық іс-шара көзделген. Еліміздің барлық кітапханасында ай сайын «Әдеби ертеңгіліктер» өткізіледі. Республикалық театрлардың репертуарында жазғы демалыс кезінде түрлі спектакльдер мен қойылымдар көрсетіледі. 

Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жазғы кино» бірегей жобасын бастайды. Оның шеңберінде классикалық және анимациялық фильмдермен қатар «Қазақфильм» киностудиясы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген жаңа кинокартиналар тегін көрсетіледі, - деді Асхат Оралов. 

Министрдің сөзінше, жазғы демалыс кезінде «Temps lié» кәсіби хореографиялық білім берудің халықаралық фестивалі, «Шабыт», «Astana-Merey» халықаралық конкурстары, «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық қолөнер байқауы, «Алтын қазына» және «Арт-колонок» балалар шығармашылығы республикалық конкурстары өтеді.

Барлық жаңалықтар