00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Министрлік ұялы телефон ұрлығы жиі тіркелетін өңірлерді атады

13.05.2023 | 17:30
31
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлады Elorda.info. 

«Ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың шамамен 80% меншікке қарсы жасалады – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық жымқыру. Олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2018-2022 жылдар ішінде ұрлық үлесі 62,6%-дан 40,1%-ға дейін төмендеді. Мүлкінен айырылған адамдардың бәрі бірдей түрлі себептермен полицияға арызданбайды», - деп көрсетілген министрліктің 4 жылдық жоспарға енгізген мәліметтерінде. 

Жыл сайын ұрлық саларынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Ал, кейінгі 5 жыл ішінде қылмыс уақытылы ашылып, зардап шеккендерге 57 млрд шығынның 32 млрд теңгесі өтелген. Тиісінше қалған 25 млрд теңге қайтарылмаған. 

«Талдау көрсеткендей, ұрлықтың 62%-ы күндізгі уақытта жасалады. Олар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 70%-ын құрайды. Олардың ішінде 85% барлық қалта, жартысынан көбі ұялы телефон және 65%-ы көлік құралдарын ұрлау. Ұялы телефон ұрлығының жоғары үлес салмағы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі», - деп талдау жасалған тұжырымдамада. 

Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, азаматтар ұрлық фактілері туралы арызды кеш түсіреді. Бұл аралықта қылмыскер мүлікті өткізіп үлгереді.

Барлық жаңалықтар