00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Лимана Койшиева: Мемлекет демографияға дем беретін тың шараларды қолға алуда

16.11.2023 | 06:00
59
Фото: Лимана Қойшиева

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды халқымыздың саны 20 млн-ға жеткені туралы ақжолтай жаңалықпен құттықтады. Еліміздегі маңызды оқиғаға байланысты Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Лимана Қойшиева жүрекжарды құттықтауын жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Республикасының 20 миллионыншы тұрғындары республикамыздың 5 аймағында  дүниеге келуімен құттықтаймын.

Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жеткені туралы сүйінші хабарды есту-  біз үшін үлкен қуаныш, мәртебе.

Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбилеріміздің бауы берік болсын! - деп құттықтады Лимана Құттыбекқызы.

Оның айтуынша, осы 20 млн-ға жетуімізге мемлекетіміздің отбасы құндылықтарын қорғауға, ана мен баланы қорғауға аса мән беруі айтарлықтай үлес қосты. 

Бұл маңызды істі қолдау әлі де жалғасын табатынына нық сенімдіміз. Өйткені мемлекетімізде демографияға дем беретін тың шаралар қолға алынуда.

Ал демографиялық көрсеткіш экономиканың дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына, елдің қорғаныс қабілетінің жоғарылауына өз үлесін қосады, - деп пікірін білдірді ол. 

Барлық жаңалықтар