00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Үйленген жастардың 40% ажырасады – депутат

05.04.2023 | 17:38
47
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Бүгін Мәжілістің жалтпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев үйленген жастардың 40 пайызы ажырасатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан аспауын ұсынды.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40%-ға жуығы (әрбір үшінші жұп) ажырасады деген сөз.  Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік деңгейде «Жас отбасы» бағдарламасын бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна – 50%-ды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады, - деді Мәжіліс депутаты.

Барлық жаңалықтар