00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

IQanat мектебінің оқушылары ағылшынша кітапты қазақ тіліне аударды

19.01.2024 | 10:45
59

«BI бұрын да жылына 2-3 кітап аударатын, көбінесе бизнес, бала тәрбиесі туралы. Биылдан бастап бұл санды 10 шақты кітапқа көбейтетін болдық», - деп жазды Айдын Рақымбаев. 

Сонымен қатар ол IQanat мектебінің оқушылары ағылшын тілінде жарық көрген кітапты қазақ тіліне аударуға қатысқанын атап өтті. 

«Тағы бір кітап қазақ тілінде! Стивен Хокингтың «Ғалам туралы екі ауыз сөз» деген сүйікті кітаптарымның бірі. Бірақ бұл жолы мен үшін одан да ерекше. Себебі біздің IQanat мектебіміздің оқушылары кітапты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға өз үлестерін қосты. Ке-ре-мет! Бұл тек бастамасы ғана деп сенеміз», - деді ол. 

Бұған қоса ол қазақ тілінде кітаптардың көбірек жарыққа шығуы білім сапасына оң әсер етеді деген пікірін білдірді. 

Өкінішке орай, Астанада ата-аналардың төрттен бірі ғана балаларын қазақ тілді сыныпқа береді, қалғандары орысша оқиды. Біздің BINOM, Quantum статистика бойынша да солай. Әрине өкінішті жағдай, қазақ тіліндегі білім сапасына сенбейтіні де бар. Қазір балаға қызық, жеңіл оқылатын қазақша кітаптардың аздығы да кері әсер етеді деп ойлаймын», - деді ол.

Барлық жаңалықтар