00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі

Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
фото: t.me/oqu_agartu

Елімізде 16 маусымнан бастап әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң күшіне енеді, деп хабарлады Elorda.info.

Онда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары айтып берді.

2022 жылдан бастап еліміздің 20 өңірінде өңірлік уәкілдер жұмыс атқарып келеді. Юлия Овечкинаның айтуынша, өңірлік уәкілдер ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Өңірлік уәкілдер ведомствоаралық байланысты үйлестіреді, балалардың құқықтары бұзылған әрбір жағдайды жеке бақылауында ұстайды және өз өңіріндегі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құрамына кіреді. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер институтын енгізу балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл балалардың құқықтарының бұзылуына барынша тиімді ден қоюға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Юлия Овечкина.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне «111» байланыс орталығының қызметін үйлестіру, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру кіреді.

Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді
18.06.2024 | 14:48
Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді
Биыл көпбалалы 582 мыңнан астам отбасыға жәрдемақы төленді
18.06.2024 | 12:56
Биыл көпбалалы 582 мыңнан астам отбасыға жәрдемақы төленді
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
18.06.2024 | 09:33
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған
17.06.2024 | 16:45
«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған
66 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
17.06.2024 | 09:54
66 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды
14.06.2024 | 21:05
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды
Қазақстанда отбасы мәселелерін шешу үшін кейс-менеджмент енгізіліп жатыр
14.06.2024 | 20:18
Қазақстанда отбасы мәселелерін шешу үшін кейс-менеджмент енгізіліп жатыр
Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
14.06.2024 | 15:01
Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
Авиценна олимпиадасына қатысқан қазақстандық 8 оқушының барлығы медальге ие болды
14.06.2024 | 12:53
Авиценна олимпиадасына қатысқан қазақстандық 8 оқушының барлығы медальге ие болды
Қазақи құндылығымызды көтеру үшін этнолагерьге көңіл бөліну керек – Арайлым Рахымқызы
14.06.2024 | 12:30
Қазақи құндылығымызды көтеру үшін этнолагерьге көңіл бөліну керек – Арайлым Рахымқызы
Барлық жаңалықтар