00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Іздеу

Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

18.06.2024 | 09:33
Торғын Аман
95
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
фото: дереккөзден

Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмекші болған күдікті іздестірілуде. 29 жастағы жігіт келіншегін үйінің дәлізінде күтіп тұрып пышақтап кеткен, деп хабарлады Elorda.info КТК сайтына сілтеме жасап.

Ауыр жарақат алған әйелдің жағдайы ауыр. Бірнеше соққы алып пышақталған науқастың бір жақ аяқ-қолы істемейді. Қанды қылмыс дәліздегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Үйінен шығып келе жатқан жәбірленушіні күдікті кіреберісте аңдып тұрып, бірден ұрып-соққан.

Әйел есінен танып құлаған сәтте қаша жөнеледі. Екеуінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды. Қазір тәртіп сақшылары 29 жастағы күдіктіні іздестіріп жатыр.

 «Бұрынғы азаматтық некедегі әйелін дәлізде өлтіруге оқталған 1995 жылғы ер адамға қатысты ҚР ҚПК сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдіктіні үстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», - деп Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Барлық жаңалықтар