00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған

17.06.2024 | 16:45
Торғын Аман
100
«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған
фото: дереккөзден

Қызылордада патологиялық бюро қызметкерлері 4 айлық қыз бен өлі туған сәбидің денесін шатастырып алған. Ата-аналардың бірі мұны байқамай баланы жерлеп, кейін эксгумация жасауға мәжбүр болған, деп хабарлады Elorda.info.

Баланың анасы облыстық патологиялық бюродан моральдық шығын өндіру жөнінде Қызылорда қалалық сотына шағымданған.

Талап қоюшының 4 айлық қызы 2023 жылы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Сол күні перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі өлі туылған.

Балалардың денесі мәйітханаға жеткізілген.

«Талап қоюшыға мәйітті беру туралы өтініш бергенде, мәйітхана қызметкерлері оның баласының мәйіті қателесіп басқа ата-анаға берілгенін хабарлаған. Соңғысы мұны білмей, талап қоюшының сәбиін жерлеген. Содан кейін эксгумация рәсімі жүргізіліп, қыздың денесі талап қоюшыға берілген. Міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін мәйітхана қызметкеріне қатаң сөгіс берілді, ал бюроның бас дәрігері қызметінен босатылды», - делінген соттың хабарламасында.

Сот бұл факті медициналық мекеме қызметкерлерінің салғырттығынан орын алғанын анықтады.  Бұл жағдайлар талап қоюшыға моральдық-психологиялық азап пен эмоционалдық күйзеліс туғызды. 

Осыған байланысты сот талап қоюды қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу ретінде талап қоюшының пайдасына патологиялық бюродан 1 млн теңге өндірді.

Барлық жаңалықтар