00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Екпе алмаған балалар балабақшаға кіргізілмейтіні рас па?

28.11.2023 | 15:00
92
фото: egemen.kz

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Олжабаев Денсаулық сақтау министрлігі екпе алмағандарды балабақшаға кіргізбеу туралы қаулы шығармағанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Үкімет отырысынан кейін журналист комитет басшысынан екпе алмағандардың балабақшаға кіргізілмейтіні туралы ақпараттың шын-өтірігін сұрады.

Ондай шектеу енгізу үшін Бас санитар дәрігердің қаулысы шығуы керек. Ондай қаулы шыққан жоқ. Қазір қолданып жүрген бұйрығымызда балабақша топтарындағы екпе алмаған балалардың үлесі 10 пайыздан аспауы керектігі айтылған. Одан басқа бұйрық жоқ. Ал ол бұйрық 2020 жылғы Халық денсаулығы туралы кодекс аясында қабылданған. Сол кезден бері ешқандай өзгеріс болған жоқ, – деді ол.

Сондай-ақ комитет төрағасы осы мәнде тарап жатқан ақпараттардың фейк екендігін нақтылап өтті.

Барлық жаңалықтар