00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бас прокуратура: Бизнес бастамаларға арналған гранттар мақсатсыз пайдаланылған

22.12.2023 | 12:01
48
фото: www.gov.kz

1 млрд теңгеге бизнес бастамаларды қолдауға арналған гранттар мақсатсыз пайдаланылған және бюджет қаражаты талан-таражға түскен. Бұл туралы бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың қатысуымен өткен жыл қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Жоғарғы қадағалау ведомствосының басшысы прокуратура органдары елдегі заңдылықты қамтамасыз ету, қылмыскерлікке қарсы іс-қимылды үйлестіру, азаптаулардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, бизнес пен мемлекет мүдделерін қорғау жөнінде шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 401 мың азаматтың, оның ішінде 85 мың кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Мемлекетке 39,6 млрд теңге өтелді, 69,7 млрд теңге сомасына мүлік қайтарылды. Соттарда 24,4 млрд теңгеге бюджет мүддесі қорғалды.

Прокурорлық тексеру материалдары бойынша сотқа дейінгі 256 тергеп-тексеру басталды, сотқа 111 қылмыстық іс жіберілді, 137 адам сотталды. Азаматтарды жұмысқа орналастыруға, олардың өмір сүруіне қолайлы орта мен инфрақұрылым құруға, жерді бөлуге және халықты толғандыратын басқа да өзекті тақырыптарға бағытталған бағдарламаларды орындау кезінде заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды, - делінген хабарламада. 

Мәселен, жұмыспен қамту орталықтарын тексеру қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңгені тиімсіз пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру және 1 млрд теңгеге бизнес бастамаларды қолдауға арналған гранттарды мақсатсыз пайдалану, сондай-ақ жалпы сомасы 39,3 млн теңгеге жалған жұмысқа орналастырудың 400-ден астам фактісі анықталды.

Барлық жаңалықтар