00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстанның жаңа саяси-әкімшілік картасы шығарылды

19.05.2023 | 18:00
79
Фото: дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Қазақстанның жаңа саяси-әкімшілік картасын әзірлеуге не себеп болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Вице-министрдің сөзінше, геодезия мен картография елдің дамуында маңызды рөл атқарады. Географиялық, картографиялық, геокеңістіктік деректер көптеген салаларда, жеке секторда қолданылады.

Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен үш жаңа облыс – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Үкімет іс-шаралар жоспарын бекітті, оның тармақтарының бірі Қазақстан Республикасының саяси картасын және өзгерістер орын алған 6 облыстың тақырыптық карталарын өзектендіру болды. Бұл үш жаңа өңір, сондай-ақ Қарағанды, Талдықорған және Шығыс Қазақстан облыстары, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы 1:1,5 млн масштабымен жасалған, Қарағанды, Алматы және ШҚО карталары жаңартылды, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының 1:1 млн масштабтағы карталары әзірленді. 

Сондай-ақ 1:25 мың масштабымен Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының жоспар-схемалары және 1:10 мың масштабымен Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жоспар-схемалары жаңартылып дайындалды, - деп түйіндеді Ә.Тұрысов.

Барлық жаңалықтар