00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандықтардың көбі кеш үйленеді

29.08.2023 | 16:00
53
фото: weddywood.ru

Жас отбасылардың арасында 21,6% ерлер, 16,6% әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл бірінші жартыжылдықта елімізде 53 700 неке қиылған, былтыр осы уақытта 55 100 болған. 

Жас отбасылардың арасында 21,6 пайызы ерлер, 16,6 пайызы әйелдер 35 жастан асқан, яғни олар жас жұбайлар ретінде саналмайды. Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы азаматтар ғана жастар санатына жатады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, ер адамдар үшін Қазақстанда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы 28 жыл болды, ал он жыл бұрын 26,9 ғана болған. Әйелдер үшін бұл көрсеткіш соңғы он жылдықта 24,4 жастан 25,2 жасқа дейін өсті.

Қазақстандықтардың көбі кеш үйленеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар үшін туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады. Ал жиырма жыл бұрынғы көрсеткіш – 66 жас. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2000 жылдың басына қарағанда едәуір ұзарды. Сондықтан отбасын кеш құру – ұзақ өмір сүру сияқты қалыпты жағдай.

Барлық жаңалықтар