00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

ҚазАвтоЖол ақылы жолдарда SMS-хабарлама қызметін іске қосты

16.05.2023 | 22:30
37
фото: Shutterstock.

Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.

SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қонаев», «Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді. 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.

 

Барлық жаңалықтар