00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Astana Hub қыз-келіншектерді IT саласы бойынша тегін оқытады

11.02.2024 | 02:31
51
фото: дереккөзден

Екі айға созылатын Tech Girls бағдарламасы елдің барлық аймақтарын қамтиды. 3 мыңнан астам қыз-келіншек IT-бағыттар бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Білім беру барысында вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, сондай-ақ Techno Women және Astana Hub сарапшылары мен тәлімгерлерімен сессиялар қарастырылған. 

«Tech Girls бағдарламасының қатысушылары IT-өнімдерді тез және тиімді құруға мүмкіндік беретін бірегей дағдыларға ие болады. Мысалы, No Code School лендингтер, сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар және маркетплейстер құру негіздерін үйретеді. Low Code бағдарламалаудың минималды дағдылары бар қосымшаларды әзірлегісі келетіндерге жарамды, ал Beta Career курсы беделді IT-компанияларда мансаптық консалтинг және кәсіби бағдарламалау саласындағы тәжірибелі мамандардан әңгімелесуден сәтті өту үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады», - деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова. 

Барлық жаңалықтар