00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы төлем беріледі

05.04.2024 | 08:58
Елорда ақпарат
108
Біржолғы төлем
фото: gov.kz

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар біржолғы төлем ала алады, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет. Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде.

Төлемді рәсәмдеу үшін тұрғындар жұмыспен қамту бөліміне Штаб комиссиясының қорытындысы негізінде Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алып келуі керек. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді. Егер анықтамадағы ақпарат расталса, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады,-  деді облыстық басқарма басшысы Г. Сисенова

Барлық жаңалықтар