00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Өскеменде бір жарым жасар бала көлікте қамалып қалған

01.04.2023 | 00:58
Елорда ақпарат
33

Өскеменде абайсызда автокөлік салонының есігі жабылып қалған, деп хабарлады Elorda.info.

Көліктің ішінде қалған баланың ата-анасы тез әрекет етіп үлгермегендіктен, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын көмекке шақырған. 

Әкесі ТЖ қызметкерлері келгенге дейін көліктің есігін ашуға тырысып көрген. 

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының келген қызметкерлері құралдардың көмегімен есіктің орталық құлпына жетіп, көлік құралын ашты. ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бір жарым жастағы бала құтқару операциясын жүргізу кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмаған, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. 

Барлық жаңалықтар