00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды

01.04.2023 | 00:51
Елорда ақпарат
41

Елімізде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу мақсатында ІІМ осы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық кең ауқымды акцияны бастады. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Оларда зардап шеккен баланың жартысы автокөлікте жолаушы ретінде болады, - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Барлық жаңалықтар