00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол жабылды

01.04.2023 | 00:18
Елорда ақпарат
41

Бұл туралы Қазавтожолдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

15 наурыз сағат 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген Қазавтожол хабарламасында.

Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:

«Астана-Петропавл» күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;

«Астана-Петропавл» күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;

«Көкшетау-Омбы» тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;

Батыс Қазақстан облысында:

«Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;

Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:

«Челябинск-Новосибирск» тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;

«Астана-Петропавл» тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;

«Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;

«Көкшетау-Омбы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.

Барлық жаңалықтар