00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Салмағы 230 келі қошқар рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

01.04.2023 | 00:14
Елорда ақпарат
38

Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің КИнЭС рекордтар кітабына Миллион атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Елордадан арнайы маман келді. Таразының дұрыстығы тексерілді. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері мен бүкіл әлем бойынша үлкен жетістік, – деді шаруа қожалық иесі Қуаныш Мықтыбаев.

КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қошқар иесіне рекордтар кітабы атынан арнайы сертификат табыстады.

Мұндай қойды көрген емеспіз. Әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады. Ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Бұл еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркелді. Қошқардың лақап аты – Миллион. Жасы 4-те, – деді Қуандық Құдайбергенов.

Барлық жаңалықтар