00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мемлекеттік қызметшілердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқарады – Дархан Қыдырәлі

31.03.2023 | 23:49
Елорда ақпарат
41

Бұл туралы Орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады, - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ақпараттық ашықтықты арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейте түспек.

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асырылады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету, - деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр қазір талқыланып жатқан «Масс-медиа» туралы заң жобасының негізгі мақсаты да журналистер мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ұлттық ақпаратты қорғау екенін екенін айтты.

Айта кетейік, Астана қаласында мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр.

Барлық жаңалықтар