00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді үтікпен күйдірген (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:24
Елорда ақпарат
32

Шымкенттегі балабақшалардың бірінен шу шықты, деп хабарлады Elorda.info.

KYN.KZ сайтының жазуынша, тәрбиеші баланы үтікпен күйдірген.

Бүлдіршіннің анасы балабақшаның Нұргүл есімді тәрбиешісі баласының екі қолын төрт жерінен күйдіргенін айтқан. Сондай-ақ бала түнімен шошып, ұйықтай алмай, балабақшадағы тәрбиешісінің тағы да күйдірейін деп жатқанын түсінде көрген. Ол бұл балабақшаға бір жасынан бастап барған.

Ол тәрбиешіні жұмыстан шығарыңдар» десем, «онда сіздің балаңыз да кетеді, тәрбиеші де кетеді, сізге басқа садик тауып береміз» деп отыр меңгеруші, — дейді анасы.

Балабақша меңгерушісі баланың өзіне-өзі үтік басуы мүмкін екенін айтып, медициналық  анықтама әкелуді сұраған.

Ал шымкенттік әйел:

Балам үтіктің не екенін біледі. Оны жолатпайды, — деп отыр.

Тәрбиеші үтікті балалардың өзара ойнап, төбелесіп, бір-біріне басқанын жеткізген. Өзін үтікті тиісті орынға қоймағаны үшін ғана кінәлап отыр.

Алайда қолы күйген Марленді Нұргүл апайының үтікпен күйдіргенін балабақшадағы өзге балалар да растап отыр.

Барлық жаңалықтар