00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:59
Елорда ақпарат
36

Алматыда полицейлер жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz мәліметінше, олар - 1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның 1991 жылы туған күйеуі – Б. есімді азамат. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен.

Оқи отырыңыз: «2 миллион теңге»: Сәби сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін «әлеуетті ата-ананы» алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Ерлі-зайыптының екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.

Барлық жаңалықтар