00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мектептерге «Қауіпсіздік сабақтары» енгізілмек

31.03.2023 | 22:58
Елорда ақпарат
29

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов кеше Петропавл қаласындағы №4-мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі өкілінің есебін тыңдады, деп хабарлады Elorda.info

Үкімет басшысы бұл өте қауіпті жағдайдың ел ішінде үлкен алаңдаушылық тудырғанын атап өтті. «Балалардың қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Енді мектептің ішінде де қауіп бар екеніне куә болып отырмыз», - деген ол жауапты ведомство басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.  

Атап айтқанда, бұл мәселені қайта зерделеп, оқу орындарына тексеру жүргізу қажеттігіне тоқталды. 

Бейнебақылау камераларының санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, «Қауіпсіздік сабақтарын» әзірлеуі қажет. Балалар әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстауы керектігін нақты білуі тиіс, - деді Ә.Смайылов.

Барлық жаңалықтар