00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде халық саны 19,7 миллионнан асты

31.03.2023 | 22:51
Елорда ақпарат
40

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 12 млн 208,2 мың адам қалада тұрса, ауыл тұрғындарының саны – 7 млн 556,7 мың адам.

Былтыр республикада 403,5 мың сәби өмірге келді. Оның ішінде 208 мыңы – ұл бала, 195,5 мыңы – қыз бала. Ал 134,7 мың адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады, - делінген хабарламада.

Бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.

Барлық жаңалықтар