00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Атырауда 32 жастағы әйел екі баласын сатып жіберді деген күдікке ілінді

31.03.2023 | 22:41
Елорда ақпарат
37

Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлады Elorda.info «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.  

Мәлімет бойынша, әйел бала сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Оларды қаншаға cаудалағаны әзірге белгісіз.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша соталды тергеу басталды.

Барлық жаңалықтар