00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Абсурд!»: Белгілі журналист боғауыз сөз үшін айыппұл салу туралы бастаманы сынады

31.03.2023 | 21:47
Елорда ақпарат
72

Қоғамдық орындарда боғауыз сөйлегендерге 69 мың теңге айыппұл салынады не 30 күнге қамауға алынады деген сөз шыққалы бұған қарсылық білдіріп жатқандардың қарасы аз емес. Мәселен, жазушы-журналист Мұхтар Түменбай да қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) бірқатар баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін абсурд деп атады, деп жазады Elorda.info.

Боқтық сөзге салынған тыйым мені екі ойлы күйге түсірді. Бір жағынан дұрыс шешім секілді. Әзілді ысырып қояр болсақ қоғамдағы адамдар арасындағы конфликттердің тең жартысы абайсыз не қасақана айтылған боқтықтан басталады. Мысалы, біреу әкеден боқтайды, екіншісі шешесіне тіл тигізеді. Не үш әріпке барып қайт деп жібереді. Содан барып өкпе, төбелес, пышаққа не қаруға жармасу басталады. Аяғында екі жақтың бірі соққыға жығылады, не одан да сорақысы - мерт болады. Кемінде араздасып тынады адамдар. Өтірік пе? Осы тұрғыдан қарағанда оң шешім ба дейсің, - деп жазды журналист facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, біздің қоғамда ішке ашу толғанда оны бір боқтап шығару, сөйтіп шер тарқату – әбден бойға сіңген әдет болған.

Одан арылу керек те шығар. Бірақ өмір сүру, эмоциямен күресудің құралына айналған бұл әдеттен адамдар оңайлықпен құтыла қояр ма екен? Әлемде боқтамайтын ұлт бар ма жалпы? Меніңше мұндай шектеу орнату – абсурд.

Және үшіншіден, боқтық айтқан адамға 69 мың теңге айыппұл салынады дейді. Солай-ақ болсын. Бірақ бұл жерде нақты анықтамалар қажет. Егер де адам белгілі бір азаматқа қаратып боқтайтын болса оған жаза қолдану орынды. Ал егер де адам ешкімге нақты айтпай, белгілі бір жағдайға байланысты, айталық, тайғақ көшеде тайып құлап боқтаса немесе ДТП-ға түсіп бір жерін зақымдап боқтық сөз айтса, оған да айыппұл сала ма? Не деген идиотизм.

Құрметті қадірден жұрдай заң шығарушы мырзалар. Сендер осы не шегесіңдер заң қабылдарда? Не болса да бастарың жазылғанда осы нәрселердің ара-жігін нақтылап ажыратып берсеңдер, - дейді Мұхтар Түменбай.


 

Барлық жаңалықтар