00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Энергетика министрі 2023 жылы 56 елді мекенге табиғи газ жеткізілетінін айтты

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
28

Энергетика министрі Болат Ақшолақов биыл 107 елдімекен табиғи газбен қамтылғанын, 2023 жылы тағы 56 ауылдық елді мекенге газ жеткізу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Биыл жыл қорытындысы бойынша халық тұтынатын көгілдір отын жеткізу көрсеткіші 59%-ға жетті. 2022 жылы 96,1 млрд теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды. Бұл 284,8 мың адамды немесе 107 елді мекенді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы газға қол жеткізетін халықтың үлесін 59,9%-ға жеткіземіз. 2023 жылы жоспар бойынша 73,9 млрд теңге сомаға 86 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 166,6 мың адамды немесе 56 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

Оның айтуынша, биыл газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын 2015-2030 жылдарға арналған бас схема қайта қаралады. 

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында 2029 жылға қарай тауарлық газ өндірісінің көлемін 30 млрд текше метрге дейін жеткізу міндетін қойды. Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр ілеспе газды өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Осы кен орнының әлеуетін ескере отырып, қайта өңдеу көлемі 2 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу қаралуда. Оны 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді министр.  

Барлық жаңалықтар