00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бірқатар журналист мерейтойлық медальмен марапатталды

31.03.2023 | 21:30
Елорда ақпарат
55

Бүгін Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры мен Республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы М. Әуезовтің 125 жылдығына орай бірқатар мемлекет және қоғам қайраткері мен БАҚ өкілдерін марапаттау кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынның негізгі мақсаты – халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры мен республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде 2023 жылы бірлесе атқаратын іс-шараларды талқылау, жұмыс жоспарын бекіту, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында руханият пен өнерге еңбек сіңірген тұлғаларды марапаттау.

Іс-шараға Бас редакторлар клубының президенті, Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Б. Жексенбай, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы басқарма  төрайымының орынбасары Е. Мұхамеджанов, «Абай»телеарнасының директоры А. Кеңесұлы,  Ұлттық ғылым академиясының академигі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі К. Құрманәлиев, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының басқарма төрағасы А. Ғафуров және т.б зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, бас редакторлар қатысты.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай мерейтойлық медалімен «Бас редакторлар клубының» келесі мүшелері марапатталды:

1. Бибігүл Жексенбай «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белгілі журналист;

2. Мақат Кәбірұлы Садық, журналист, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі. «Ел.кз» порталының бас редакторы;

3. Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы,  «Qazaqstan» РТРК басқарма төрайымының орынбасары;

4. Азамат Кеңесұлы, «Абай тв» директоры;

5. Аманкелді Құрмет, «Айқын» газетінің бас редакторы;

6. Бауыржан Бабажанұлы, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы;

7. «Бас редакторлар клубының» вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин;

8. Кәрімбек Құрманалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі;

9. Доган Йылдыз, Халықаралық жаңалықтар агенттігінің бас редакторы.

Барлық жаңалықтар