00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ұлттық идеологияны әлі де жасай алмай жатырмыз – Бекжан Тұрыс (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:41
Елорда ақпарат
35

Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекжан Тұрыс Jibek Joly телеарнасының «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтқан, деп жазады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Саиров олигархтардың бетіне түкірді ме – Мәжіліс депутаты жауап берді

Клебанов Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет – Мәжіліс депутаты

«Мұңнан қашқан, шыннан қашқан» дейді. Жеке басымның мұңы емес. Мені тәрбиелеген орта, мені өсірген адамдар ұлт туралы көп айтатын. Мен бүгінгі қоғамның әр мәселесіне бейжай қарай алмайтын адаммын. Керек жерде айтып жүремін. Қоғамда ұлттық идеология мәселесі қатты алаңдатады. Ұлт деген – қоғамның шаңырағы. Шаңырақ шайқалмас үшін уығы – мемлекеттік идеология мен керегесі – ұлттық идеология болуы керек. Біз сол ұлттық идеологияны әлі де жасай алмай жатырмыз. Кеңес дәуірін аңсағаннан емес, бірақ сол кездің өзінде қазақтағы дәстүр де, сөз де биік еді. Қазір тәуелсіз ел болғалы, егемендік алғалы неге соншалықты ұсақталып кеттік? - деді Бекжан Тұрыс.

Барлық жаңалықтар