00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізге шетелден 100 үздік маман шақырылады

Қазақстанда сырттан жиі тартылатын мамандарды шақыру көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

«Ашық Қазақстан 500+» көш-қон саясатының тұжырымдамасы бойынша шетелден 100 үздік маманды тарту көзделіп отыр. Мұндағы негізгі мақсат –  білім трансферті және осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Олардың Қазақстанда тұруына рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылған «Бағалы дағдылар визасы» енгізіледі, – деді министр. 

Тамара Дүйсенова өз баяндамасында «Құнды дағдылар рейтингі» жасалатынын айтты. Рейтингтегі тапшы кәсіптер мен мамандықтар тізімі үнемі жаңартылып отырмақ.

Барлық жаңалықтар