00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сапасыз тауар сатып алғандарға бір аптада 12 млн теңге қаражат қайтарылды

31.03.2023 | 20:25
Елорда ақпарат
49

5 күн ішінде құқығы бұзылған қазақстандықтарға 12 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Комитет дерегінше, 14-18 қараша аралығында тауар сатып алу кезінде құқығы бұзылған ел тұрғындары тарапынан 590 өтініш түскен.

329 жағдайда өтініш берушілерге құқықтық көмек көрсетілді. 287 өтініш қанағаттандырылды, ал 75 өтініш құзыретіне сай келетін органдарға жолданды. Бір апта ішінде тұтынушыларға 12,2 млн теңге қайтарылды, - делінген комитет хабарламасында.

Ведомство дерегінше, бір апта ішінде қайтарылған үлкен сома – 4,4 млн теңге. Онда Ақмола мен Ақтөбе облыстарының 5 тұрғыны екі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен массаж құрылғыларын сатып алған. Кейін олардың сапасыз екенін көріп, қайтармақ болған. Дегенмен оны сатқан серіктестіктер тауарды қайта қабылдаудан бас тартыпты. Артынша тұрғындар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгініп, жалпы сомасы 4,4 млн теңгесін қайтарып алған.

Сонымен қатар, ақауы бар техника сатып алған Қостанай, Түркістан және Павлодар облыстарының тұрғындарына жалпы сомасы 1,5 млн теңге қайтарылған.

Комитеттің мәліметінше, бұдан өзге тағы 3 өңірде сапасыз үй жиһазын сатып алған азаматтар жергіліктті департтаменттердің көмегімен ақшаларын қайтарып алған. Оларға өтелген сома - 1,2 млн теңге.

Барлық жаңалықтар