00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«2 миллион теңге»: Сәби сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

31.03.2023 | 19:54
Елорда ақпарат
47

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Stan.kz-тің жазуынша, олардың қатарында АХАЖ қызметкері де болған. Қазір 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қылмысқа қатысы бары анықталған. 

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұзақ уақытқа созылған шараның нәтижесінде ұсталғанын айтты. Олар баласыз жұптарға нәрестені заңсыз асырап алуда көмек көрсеткен көрінеді.

Жүргізілген іс-шара нәтижесінде құрамында аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері бар топ алдын ала келісім бойынша сәбиінен бас тартуға дайын жүкті әйелдер мен балалы болғысы келетін отбасыларды іздеген. Сондай-ақ жалған туу туралы куәлік дайындаған, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, келісімшарт құны 2 миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасау бағасы 700 мың теңгеге дейін жеткен.

Бүгінде күдіктілердің алты сәби сату дерегіне қатысы бары анықталды, - деп қосты Қ. Нұрмағамбетов.

Күдіктілердің барлығы Тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәлары дәлелденсе, 12-ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар