00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Энергетикалық сусындарға толық тыйым салу ұсынылды

31.03.2023 | 19:49
Айман Нығмет
38

Қырғызстанда ел азаматтарының денсаулығын сақтау, энергетикалық сусындарды тұтынудың салдарынан туындайтын ауруларды азайту мақсатында депутаттар энергетикалық сусындарды әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта елде кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынуда. 

Сонымен қатар, қырғыз елінің парламентшілері ересек тұрғындар арасында энергетикалық сусындарды тұтынуға алаңдайды, өйткені олар сусынның денсаулығына қандай қауіп төндіретінін толық түсінбейді. 

Энергетикалық сусындарда тітіркенуді, алаңдаушылық, ұйқысыздық, жүрек соғуын және басқа да жағымсыз жағдайларды тудыратын стимуляторлардың жеткілікті мөлшері бар. 

Мұндай сусындарды шамадан тыс тұтыну жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының ауыр ауруларына әкелуі мүмкін.

 

Барлық жаңалықтар