00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық әскерилер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

31.03.2023 | 19:12
Елорда ақпарат
38

Орталық Азия өңірінің ұжымдық жедел өрістету күштерінің "Рубеж-2022" бірлескен оқу-жаттығуына қатысушылар 1995 жылы Тәжікстанда қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Душанбе қаласының "Достық" саябағында өткен рәсімге Тәжікстандағы әскери атташе, генерал-майор Асқар Мұстабеков, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Бағлан Өсербаев және қазақстандық десантшылар қатысты. Олар қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, боздақтардың рухына тағзым етті.

Біз ТМД-ның оңтүстік шекарасын қорғауда өлімге қасқайып қарсы тұра білген жерлестерімізге басымызды иеміз, - деді оқу-жаттығуға қатысушы майор Самат Қапанов.

1995 жылы сәуірде Пшихавр шатқалындағы тәжік-ауған шекарасында Қазақстанның бітімгерлік ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылына тап болды. Екі жақтың күші тең емес еді. Біздің жауынгерлер әскери антқа адалдық танытып, жан аямай арпалысты. Сол ұрыста 17 әскери қызметшіміз қаза тапты. Олардың есімі халықтың жадында мәңгі сақталады.

Бұл күндері "Харбмайдон" полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің "Рубеж-2022" бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Барлық жаңалықтар