00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«О дүниеде жауап бересіздер»: Отандық әнші келіндерінің ақшасын алып отырған енелерді қорқытып қойды

31.03.2023 | 18:00
ҒаниАтымтай
30

Қазақстандық әнші Қалдыбек Талқанбаев TikTok желісіндегі парақшасында келінінің ақшасын алатын енелерді сынап, о дүниемен қорқытып қойды, деп жазады Elorda.info.

Оның айтуына қарағанда, келін табысын сол үйдің ортақ шотына, отбасына, еріне беруге міндетті емес. Отбасын асырау – ер адамның міндеті.

Оқи отырыңыз: Таразда концертке қатыспаған Қайрат Нұртас сол күні қаладағы тойда ән айтқан (ВИДЕО)

«Тамақты дәмді етіп дайында!»: 64 жастағы ер адам келінінің басын кесіп алған

«Сұлуды жібітпесең, жарылады...»: Мұхамеджан Тазабек атышулы Айжан Байзақоваға жазба арнады (ВИДЕО)

Құрметті енелер! Үйге келген келіннің табысы, банк карточкасы, алтын секілді жеке заттарын алып алуға ұялмайсыздар ма? Не деген білімсіздік? Имамдар түсіндіріп жатыр ғой бәрін. Келіннің ақшасын алып алу деген не деген көргенсіздік? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Өз балаларыңызбен келіндеріңіздің араларына түсіп, екі жасты ажырастырып жатсыздар. Осылай қоғамда ажырасу көбейген. Осыған себеп болып жатырмыз деп ойламайсыздар ма? Әлде сіздерге келіннің ақшасы керек болып тұр ма? Ақша емес, балаларыңыздың бақытын ойлаңыздар. Біреудің қызының обалына қалып, ажырастырмай, тыныш жүріңіздер. Ертең о дүниеде жауап бересіздер, – деді әнші.

Барлық жаңалықтар