00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

31.03.2023 | 17:45
Елорда ақпарат
36

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info Президент БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды, - деді Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Мадияр Айтуғанов.

Айта кетейік, биыл көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 986 азамат жауапкершілікке тартылған. Оның 38-і қос азаматтық үшін жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылған. 

 

Барлық жаңалықтар