00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мәсімовтің жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

31.03.2023 | 17:44
ҒаниАтымтай
40

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бауыры – Нұрлан Мәсімов тергеудегі басқа адамдармен бірге камерада жатқаны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info

Ulysmedia.kz жазғандай, Нұрлан Мәсімов Павлодар облысындағы қауіпсіздігі аралас түзету мекемесінде отыр. Бұл өңірмен Нұрлан Мәсімовтың өзі жақсы таныс. Тұтқындалғанға дейін ол дәл сол облыстың Полиция департаментін басқарған. Нұрлан Мәсімов камерада басқа істер бойынша тергеліп жатқан тұтқындармен бірге отыр.

Тергеу алынған адам қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылған, тергеу үшін тұтқындалған адамдармен тең жағдайда бірге отыр. Бос уақытында Н.Мәсімов кітап оқиды. Адвокаттарымен кездесіп, күнделікті серуенге шығарылады. Мекеме қызметкерлеріне қарсы агрессия танытпайды, - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ulysmedia.kz сауалына берген жауабында.

Мәсімовке қатысты басқа мәліметтер «жариялануға жатпайды».

Қылмыстық іске қатысты мән-жайлар прокурордың келісімен ғана жариялауға жатады. Ол мәліметтерге тергеу мүддесіне қайшы келмеуі, басқа адамдардың заңды құқығын шектемеуі керек, - деп қосты ведомстводан.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Ресми деректер бойынша, 238 адамның өмірін қиған қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынғаны жарияланған. 13 қаңтарда бұл іс бойынша да тергеу басталғаны белгілі болды.

2022 жылдың сәуірінде Антикор полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Мәсімов елден қашпақ болған, ол жазда жалған құжаттар арқылы Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде ұсталған.

Барлық жаңалықтар