00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл жол-көлік оқиғасы 14 пайызға артты – ІІМ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында биыл елімізде жол-көлік оқиғасы көбейгенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

Жол қауіпсіздігі – өте өзекті мәселе. Жыл сайын шамамен 13 мың жол-көлік оқиғасы болады. 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астамы жарақат алуда. Пандемия кезінде жол-көлік оқиғасы азайды, бірақ шектеу алынған соң, оқиғалар саны артты. Биыл 14 пайызға артты, қаза тапқандар 18 пайызға, жарақат алғандар 13 пайызға көбейді. Әсіресе, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстарында жол апаты дерегі көп. Яғни, елімізде болатын жол-көлік оқиғасының 56 пайызы осы өңірлерге тиесілі. Бұл жағдайлардың негізгі себебі - жүргізушілердің жол тәртібін сақтамауы. Автомектептерде жүргізушілерді дайындау сапасы төмен. Қазір елімізде 747 автомектеп бар. Көп мектептерде керекті оқыту материалы жоқ. Қазақстандықтардың 50 пайызы көлік айдауды өздері үйреніп алады, - деді министр. 

Айта кетейік, елімізде 2019 жылдан бастап автокөліктер саны 5 млн-ға көбейген.

Биыл полиция 4,5 млн жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. 17 мың мас жүргізуші ұсталды. 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. 16 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 180 мың жүргізушіге айыппұл салынды.

Барлық жаңалықтар