00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бүгін елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды

25.02.2023 | 15:01
Айман Нығмет
34

Қазақстанда пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта, яғни алушының өтінішін күтпей-ақ көмек көрсетуді көздейді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендете отырып, қызметті жеделдетуге және тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Картада 6 млн отбасы немесе 19,4 млн азамат туралы деректер жинақталған. Отбасылардың әл-ауқатының деңгейі 5 критерий бойынша айқындалады: экономикалық өмір сүру жағдайлары, денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтік жағдайлар, білім беру қызметтерімен қамту және отбасы мүшелерінің білім деңгейі.

Отбасының цифрлық картасының жұмыс істеу алгоритмі мынадай түрде іске асырылған: мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы, төлем немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрі тағайындалып, кейіннен алушының банк шотына аударылады.

Жобаны іске асыру кезеңдері:

1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;

2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылады.

Барлық жаңалықтар